Там 11, 2022 17:40 Asia/Almaty
  • Ашура күні Нигерия армиясының шабуылынан қаза тапқандардың жаназасы шығарылды

Нигерияның Зариа қаласында осы ел армиясының Ашура күнгі шеруге шабуыл жасауы салдарынан қаза тапқандардың жаназасын шығару рәсімі өтті.

Өткен дүйсенбіде Ашура аза тұту рәсімі Нигерияның 25-тен аса ауданында бейбіт түрде өткен болатын. Бірақ Зариа қаласында Нигерия армиясы 6 аза тұтушыны өлтіріп, 50-ден аса адамды жаралады. Нигерияның жүздеген мұсылманы сәрсенбі күні Кадуна штатының Зариа қаласындағы Darur-rahama зиратында 6 шәһидтің жаназасын шығару рәсіміне қатысты.    

 

Тегтер