Иранның Энергетика министрі Мулла Барадармен кездесті
Иранның Энергетика министрі мен Талибан кабинеті басшысының орынбасары кездесіп, екі елді қызықтыратын мәселелер жөнінде сұхбаттасты.
Иранның Энергетика министрі Әли Акбар Мехрабиан Ауғанстанның Сыртқы істер министрі мен Су және энергетика министрімен кездескеннен кейін кеше, сәрсенбі күні кешке Талибан кабинеті басшысының орынбасары мулла Абдул Ғани Барадармен кездесті.
Мулла Абдул Ғани Барадар осы кездесуде: "Біз көршілес елдермен жақсы қарым-қатынас жасауды қалаймыз",-деді.
Әли Акбар Мехрабиан – Ауғанстанда өткен бір жылда болған өзгерістерден кейін осы елге сапар шеккен алғашқы ирандық министр.
Суға қатысты мәселелер мен түрлі салаларда, соның ішінде энергетика саласында екіжақты әріптестікті дамыту ирандық делегацияның Талибанның жоғары лауазымды тұлғаларымен кездесуінде талқылаған ең маңызды тақырыптар болды.