Украинада қолдану үшін Қазақстан тарапынан Ұлыбританияға қару-жарақ сатылғаны теріске шығарылды
Қазақстан Украинада қолдану үшін Ұлыбританияға қару-жарақ сатылғанын теріске шығарды.
Өткен бірнеше күнде Ресейдің кейбір Телеграм каналдарында Украинаға жөнелтілу үшін Қазақстан тарапынан Ұлыбританияға қару-жарақ сатылғаны туралы ақпарат тарады.
Бұл келісім Қазақстанның «Техноэкспорт» компаниясының араағайындығымен жүзеге асырылған, 46 млн долларды құрайтын бұл келісімшарт 2022 жылы 16 шілдеде жасалған делінеді.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстанның Индустрия мен инфрақұрылымдық даму министрлігі кеше, бейсенбі күні Ұлыбритания осы елден қару-жарақ сатып алып, оны Украина-Ресей соғысына жіберуді көздеп отыр деген ақпаратты теріске шығарды.
Қазақстанның Индустрия мен инфрақұрылымдық даму министрлігі тек осы ведомство экспортты бақылауға құқылы екенін ескертіп: «2021-2022 жылдары «Техноэкспорт» компаниясы қару-жарақ, оқ-дәрі және әскери жабдықтар экспорттауға рұқсат алу үшін аталмыш министрлікке келген жоқ»,-деді.