Там 13, 2022 15:43 Asia/Almaty

Нью-Йоркте «Шайтан аяттары» атты кітаптың авторы Салман Рушдиге пышақпен шабуыл жасалды.

Жазушы Салман Рушди «Шайтан аяттары» атты кітап жазып, Ислам пайғамбарына тіл тигізген болатын.

Associated Press ақпарат агенттігінің тілшісі: "Салман Рушди Нью-Йоркте сөз сөйлейін деп тұрған кезде шабуылға ұшырады",-деді.

Пышақтан жарақат алған Салман Рушди тікұшақпен ауруханаға жеткізілді. Онда жазушыға ота жасалды. Оның физикалық жағдайы нашар деп хабарланды.

Салман Рушдиге шабуыл жасаған адам құрықталды. Нью-Йорк полициясының хабарлауынша, шабуылдаушы Хади Матар – 24 жастағы Нью-Джерси тұрғыны. Ол жалғыз әрекет еткен. Жанында сыбайласы болмаған.

Тегтер