Иран, Түрікменстан, Өзбекстан мен Қазақстан халықаралық тасымал дәлізін құруға келісті
Иран, Түрікменстан, Өзбекстан мен Қазақстан Авазада үйлестіруші елдер кеңесінің екінші отырысында "Ашхабад келісімі" деп аталатын халықаралық тасымал және транзит дәлізін қүру туралы келісім мен қосымша қорытынды протоколға қол қойды.
Бұл оқиға Иран, Оман, Түрікменстан мен Өзбекстан үкіметтері арасында қол қойылған келісімнен 11 жыл өткен соң орын алды. Содан кейін Қазақстан, Катар мен Үндістан да осы келісімге қосылды. Ал Пәкістанның қосылу мәселесі қарастырылып жатыр.
Түрікменстан тасымал және коммуникация агенттігінің бас директоры Мұхаммедхан Чакив: "Ашхабад 12 халықаралық тасымал конвенциясын бекітіп, осы салада ауқымды әріптестік жасау саясатын ұстанып отыр. Бұл үдеріс БҰҰ Бас ассамблеясында тасымал саласында 4 қарар бекітілгеннен кейін басталды",-деді.
Осы отырысқа қатысушылар халықаралық тас жол тасымалымен айналысатындар үшін виза беру заңдарын жеңілдету және екіжақты тас жол тасымалы және транзитін дамыту жолындағы кедергілерді жою мәселерін талқылады.
Иран Сыртқы істер министрінің экономикалық дипломатия жөніндегі орынбасары Мехди Сафари Түрікменстан Премьер-министрінің орынбасары әрі Отын және энергетика кешенінің жетекшісі Шахин Абдулрахмановпен кездесіп, түрікмен газын Иран арқылы Әзірбайжан республикасына жеткізу саласында жақсы тәжірибе барын ескеріп, Теһранның Түрікменстаннан көршілес елдерге газ транзиттеуге толық дайын екенін ресми түрде жариялады.
Тараптар, сондай-ақ, екі елдің транзиттік әлеуетін пайдалану үшін Түрікменстанның Иранның оңтүстігіндегі Бандар-Аббас және Чабаһар сияқты айлақтарға шығу мәселесін қарастырды.