Басталғанына алты айдан асқан Украина соғысының перспективасы
(last modified Wed, 24 Aug 2022 18:25:41 GMT )
Там 25, 2022 00:25 Asia/Almaty
  • Басталғанына алты айдан асқан Украина соғысының перспективасы

Украина Президенті Владимир Зеленский Ресеймен соғыстың 181-ші күнінде: "Біз атысты тоқтату бітімін жасау үшін Ресеймен келіссөз жүргізуге дайын емеспіз. Біз Украина территориясының бір бөлігін басып алуға əкеліп соқтырған Минск келісімі сияқты жағымсыз тəжірибені қайталағымыз келмейді",-деді.

Украинадағы соғыс жетінші айға аяқ басқанда осы ел президентінің жаңа ұстаным жариялауы Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Еуропа құрлығында орналасқан екі ел арасындағы алғашқы классикалық соғысты аяқтауға мұрсат бермей отыр. Соңғы бірнеше айда Ресейдің ілгерілеуіне тосқауыл қоюға бар күшін салып келген Киевтің батысшыл үкіметі үшін Батыстың орасан əскери көмегіне қарамастан, осы елдің шығыс жəне оңтүстік аудандарын қайтарып ала алмағанынан кейін өзінің позициясын сақтау үшін атысты тоқтату бітімін қабылдамаймыз дегеннен басқа шара жоқ.

Басқа жағынан Ресей алдымен Украинадағы өзінің арнайы əскери амалдарының мақсатын Киев үкіметінің Украинаның шығысындағы Донецк пен Луганскқа қарсы жауластық əрекетінің алдын алу деп жариялаған болатын. Қазір соғысты жалғастырып, Украинаның батысшыл үкіметінің биліктен шеттетілуін талап етіп отыр.

Украина соғысын Батыстың Ресейге қарсы агрессиялық қатынасы мен теріс ниетінің салдары деп санауға болады. Шындық мынада: Ресейдің Украинаға шабуылы шын мәнінде Батыстың Украинаны НАТО-ға мүше болуға ынталандыруы жəне Ресейдің ұлттық қауіпсіздігіне қарсы шынайы қатер төндіруіне реакциясы болды.

Ресейдің бұл шарасы Мəскеудің Украинаны НАТО-ға қабылдаудан бас тарту жəне НАТО күштерін 1997 жылғы шекараларға кері шегіндіру, яғни Шығыс жəне Орталық Еуропа елдерінің НАТО-ға қосылу үдерісі басталғанға дейінгі шекараға шегіну туралы қисынды талаптарына АҚШ пен НАТО-ның теріс жауаптарынан кейін жүзеге асырылды.

Басқа жағынан АҚШ пен оның еуропалық одақтастары жəне Канада, Аустралия мен тіпті Жапония сияқты серіктестері Украина соғысын Ресей жəне оның Президенті Владимир Путинмен есеп айырысуға берілген теңдессіз мұрсат санайды. Ресей жиырма жылдан аса уақыт бойы АҚШ пен НАТО-ның Еуропа, Батыс Азия мен Латын Америкасындағы шектен тыс талаптарына қарсы тұрып келді. Мұнымен қоса, АҚШ Ресей армиясын одан әрі əлсірету жəне осы елге қарсы ауқымды санкциялардың əсерін арттыру үшін Украинада соғысты жалғастыруды қалайды.

Тегтер