Теһранның "Милад" мұнарасында футболдан әлем чемпионатының алтын кубогын көрсету рәсімі өтті
(last modified Thu, 01 Sep 2022 16:05:13 GMT )
Қыр 01, 2022 22:05 Asia/Almaty

Теһранның "Милад" мұнарасының конференц-залында Иранның футбол жұлдыздарының қатысуымен әлем чемпионатының алтын кубогын көрсету рәсімі өтті.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, мамыр айында Дубайда басталған әлем чемпионатының алтын кубогының туры жарыс басталғанға дейін әлемнің 51 елін, соның ішінде чемпионатқа қатысатын 31 елді аралап, жұртқа көрсетіледі деп жоспарлануда.

Осы турдың жалғасында Аустралияда көрсетілген кубок бейсенбі күні Сиднейден Иран жеріне әкелінді. Мұндай оқиға Иран тарихында бірінші рет болып отыр.  

Теһранда әлем чемпионатының алтын кубогын көрсету рәсіміне орай Иранның футбол жұлдыздары "Милад" мұнарасында бас қосты.

 

 

Тегтер