Украин әскерлері Херсонның тұрғын аудандарына шабуыл жасады
Ақпарат көздері Украинаның оңтүстігінде орналасқан Херсон облысында 6 жарылыс естілгенін хабарлады.
Ресейдің ресми ақпарат агенттігі ТАСС бүгін (жұма) Украинаның оңтүстігіндегі Херсон облысында алты жарылыс дыбысы естілгенін хабарлады. Херсондағы ресейлік тараптың шенеуніктері де жарылыс дыбысы туралы: «Украин әскерінің Херсондағы тұрғын үйге жасаған шабуылының салдарынан бірнеше адам қаза тапты және жараланды»,- деді. Бұл ақпарат агенттігі Мелитопольде тағы бес жарылыс естілгенін хабарлады. Кейін бұл дыбыстардың ресейлік әуе қорғанысына қатысты екені белгілі болды. Бұған дейін Ресей Қорғаныс министрлігі Запорожье атом электр станциясындағы бірінші энергетикалық блоктан 400 метр қашықтықта бірнеше миномет атылғанын хабарлаған. Бұл министрлік сондай-ақ Атом Қуаты Халықаралық Агенттігі делегациясының жолын Украина атқылағанын жариялады.