Қыр 06, 2022 00:19 Asia/Almaty
  • АҚШ ауғандық балаларды онлайн оқытпақшы

АҚШ-тың білім беруді тұрақты дамыту бағдарламасының жетекшісі Рон Маккамен осы елдің Ауғанстандағы балалар мен жастар үшін онлайн білім беруге шешім қабылдағанын хабарлады.

"Джумһури" ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ауғанстандағы Талибан уақытша үкіметінің Білім және тәрбие министрлігі мәлімдеме жасап, ауған балаларының АҚШ тарапынан оқытылуына қатысты көбірек түсініктеме берместен: "Министр Нұрулла Мунир АҚШ-тың ауғандықтарды оқыту туралы шешіміне алғыс айтады",-деп мәлімдеді.

Ауғанстан істері жөніндегі сарапшылардың пікірінше, ауғандық шендінің АҚШ шешімін құлшына қабылдап, алғыс айтуы таңданыс тудырады. Қос тарап бір-бірінің және Ауғанстан халқының назарын аудару үшін сахналанған әрекет бастады деп айтуға болады.

АҚШ  Ауғанстан халқының Вашингтонға қатаң қарсы шығатынын, оны жек көретінін біледі. Өйткені олар өздерінің барлық қиыншылықтарының себепшісі америкалықтар мен олардың соңғы жиырма жылда жасаған қылмыстары деп біледі. Сол себепті АҚШ ауғандық балаларды оқыту деген желеумен халықты алдарқатып, олардың алдында өзінің абыройын көтеруді көздеп отыр. АҚШ өзін ауғандық балалар мен жастарды қазіргі барзақтық жағдайдан құтқарушы деп көрсетуге талпынып жатыр.

Моулави Субханалла осы жөнінде: "Америкалықтар Ауғанстаннан әскерін шығарса да, ұшқышсыз ұшақтармен шабуыл жасап, әлі де ауғандықтарды өлтіріп жатыр. АҚШ-тың Ауғанстан халқына қарсы қылмыстары жалғасуда. Олар бұл елдің ұлттық егемендігін мүлде құрметтемейді",-деді.

Талибан да АҚШ-тың ауғандық балаларды онлайн оқытуға шешімін құлшына қолдау арқылы Вашингтонмен қайта жақындасу саясатын көздеп отыр, өйткені Ауғанстанда балаларға онлайн білім беруге қолайлы инфрақұрылым жоқ екенін және АҚШ шешімінің Ауғанстан халқын алдау үшін қабылданғанын жақсы біледі.

Талибан қыздардың білім алуына қатаң қарсылық білдіріп, Ауғанстан халқының, әсіресе балалары мен жастарының мәдени, діни және дәстүрлі жағдайының осы қалыпта қалуын баса айтып отыр. Сол себепті Талибанның америкалықтардың өз мәдениетіне сәйкес ауғандық балаларын оқытуын қабылдауы ақылға қонымсыз.

Қалай болғанда да, АҚШ Ауғанстанды басып алған соңғы жиырма жылда осы елдің білім беру жүйесін нығайтуға ешқандай түбегейлі қадам жасамаған, ал енді ауғандық балаларды оқыту жайлы сөз қозғап отыр.

Тегтер