Сәу 26, 2016 21:20 Asia/Almaty
  • Обама Путинді Еуропаның бірлігін әлсіретіп отыр деп айыптады

АҚШ президенті "Ресей президенті Еуропалық Одаққа соққы беруге тырысуда, өйткені Еуропаның бірлігін қоқан-лоққы деп санайды" деген уәж айтты.

Германия радиосының хабарлауынша, АҚШ президенті Барак Обама дүйсенбі күні Германияның Ганновер қаласында «Еуропадағы миграция саласындағы үлкен дағдарыспен қоса, Ресей президенті Владимир Путин сияқты кейбір адамдардың Еуропа бірлігін ыдырату үшін талпыныс жасауы маңыздырақ түйткіл болып табылады.

Владимир Путиннің НАТО мен Еуропалық Одақ пен Еуропаның бірлігін Ресей үшін қоқан-лоққы деп санауы – оның қателігі. Бірікен Еуропаның күшті Ресеймен ынтымақтастығының дұрыс нәтижесі мен жетістігі болады, алайда Путин бұған толық сенбей отыр» деді.

Обама Еуропаға сапарының соңында еуропалық басшылардан экономикалық дағдарыс және лаңкестік қоқан- лоққылардың артуына тап болған жағдайда мейлінше бірігулері қажеттігін айтты.

АҚШ президенті сондай-ақ британдық дауыс берушілерден 23-ші маусымда өтетін референдумда осы елдің Еуропалық Одаққа мүшелігінің жалғасуына дауыс беруді сұрады.

Тегтер