Байден Ресейді терроризмді қолдайтын мемлекет ретінде таныстырудан бас тартты
Ақ үйдің баспасөз хатшысы Карин Жан-Пьер сейсенбіде Байденнің Ресейді терроризмнің демеушісі ретінде көрсетпеу туралы шешімі түпкілікті емес және алға жылжуға тиімді жолы емес екенін мәлімдеді.
Азық-түлік экспорты мен Қара теңіз арқылы кемелердің қозғалысына тоқталған Ақ үй өкілі: «Ресейді терроризмді демеуші ел ретінде таныстыру азық-түлік экспортына әсер етуі мүмкін»,- деді. Байденнің Ресейді терроризмге демеушілік жасайтын ел ретінде атамауы АҚШ Конгресінің осы мәселеге қатысты ұстанымымен қайшы келеді. Украина соғысы басталғаннан бері Конгресс Ресейге қатаң ұстаным білдіруді мақсат етіп, әртүрлі жағдайларда Мәскеуге қарсы қысымды күшейткісі келді. Оның ішінде барлық санкцияларды қолдану, сондай-ақ Ресейді терроризмнің демеушісі деп жариялауды талап етті. 2022 жылдың шілде айының соңында АҚШ Сенаты Мемлекеттік хатшы Энтони Блинкеннен Ресейді Шешенстан, Грузия, Сирия және Украинадағы әрекеттері үшін лаңкестікке демеуші ретінде көрсетуді сұрады. Сенат бұл қарарды Байден үкіметіне Мәскеуге қарсы тұру үшін көбірек қысым жасау мақсатында шығарды. АҚШ заңдары бойынша қандай да бір елді терроризмнің демеушісі ретінде анықтау және енгізу Сыртқы істер министрлігіне жүктеледі. Әрине, АҚШ Конгресінің әрекеті Украина президенті Владимир Зеленскийдің өтінішіне сәйкес келеді. Владимир Зеленский Украина соғысы кезінде бірнеше рет Ресейді терроризмнің демеушісі деп жариялауға шақырды. Әрине, мұның жүзеге асуы, яғни АҚШ үкіметінің Ресейді терроризмнің демеушісі деп жариялауы Мәскеу үшін көптеген салдары болады. Салдарының бірі тіпті осы уақытқа дейін азды-көпті жалғасқан АҚШ мен Ресей арасындағы, соның ішінде кейбір салалардағы кез келген ынтымақтастықты немесе көмекті тоқтату болады. Сонымен қатар, Байден үкіметі Ресейдің сауда және экономикалық қызметіне қатысты салаларда ешқандай келісімге немесе көмекке ие бола алмайды. Байден үкіметінің Ресейді терроризмнің демеушісі деп жариялауға қарсылық білдіруінің тағы бір себебі, мұндай әрекет Мәскеумен болашақ келіссөздерді өте қиын әрі күрделі етеді.