Канани: Үш арал – Иран территориясының ажырағысыз бөлігі
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы: "Әбу Мұса, Үлкен Тонб пен Кіші Тонб аралдары – Иран территориясының ажырағысыз бөлігі әрі мәңгілік меншігі",-деді.
Насер Канани Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесіне мүше елдердің Сыртқы істер министрлерінің 153-ші отырысының қорытынды мәлімдемесінде жасалған қисынсыз айыптарды теріске шығарып, Әбу Мұса, Үлкен Тонб пен Кіші Тонб аралдарын Иран Ислам Республикасы территориясының ажырағысыз бөлігі әрі мәңгілік меншігі деп атады.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы АҚШ пен сионистік режимнің іріткі салушы әрі бүлдіргі саясаты және кейбір елдердің бөгделерді аймақтың қауіпсіздігі теңгеріміне кіргізудегі есептік қателігін аймақтағы тұрақсыздықтың маңызды факторларының бірі деп атады.
Канани: "Кеңеске мүше елдердің кейбіреулері жауапкершілік қабылдап, тиімсіз әрі жеңіліс тапқан саясаттарды өзгертудің орнына өз кінәларын өзгелерге жауып, жалықтыратын сөздерін қайталап отыр",-деді.