Иран Шанхай ұйымының ресми мүшесі болды
Өзбекстанда өтіп жатқан Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (ШЫҰ) мүше елдердің 22-ші саммитінде ИИР-ның осы ұйымға ресми мүшелігі жарияланды.
16 қыркүйек, жұма күні Өзбекстанның ұйымдастыруымен Самарқанд қаласында өтіп жатқан ШЫҰ-на мүше елдердің 22-ші саммитінде Өзбекстан президенті Иранның Шанхай ұйымына толық мүшелігін ресми түрде жариялады және жиналғандар қошемет көрсетті.
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдердің 22-ші саммиті бүгін жұма күні Өзбекстанның Самарқанд қаласында ИИР президенті Ибрахим Раиси мен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтың қатысуымен басталды. ШЫҰ-на мүше мемлекеттердің саммиті жыл сайын көпжақты ынтымақтастық стратегиясы мен дамудың басым бағыттарына, маңызды мәселелерді шешуге және мүше елдердің экономикалық және саяси ынтымақтастығын нығайтуға бағытталып өтеді.