Татарстан Президенті сауда-саяси делегацияның басында Теһранға келді
Қыр 20, 2022 12:30 Asia/Almaty
Татарстан автономиялық республикасының Президенті сауда-саяси делегацияның басында Теһранға келді
Ресей Федерациясы Татарстан республикасының Президенті Рустам Минниханов бірқатар министрлері мен орынбасарларынан құралған 60 адамдық делегациямен дүйсенбі күні Теһранға келді.
Татарстан Президенті мен оның делегациясы бүгін, сейсенбі күні «Иран Ходро» және «Мапна» зауыттарын аралаумен қатар Иранның Өнеркәсіп, тау-кен өнеркәсібі және сауда министрі Реза Фатеми Аминмен және бірінші вице-президент Мохаммад Мохбармен кездеседі.