Раиси: Келісімнің түйіні оны тудырған адамдардың қолымен шешілуі тиіс
(last modified Thu, 22 Sep 2022 14:27:05 GMT )
Қыр 22, 2022 20:27 Asia/Almaty
  • Раиси: Келісімнің түйіні оны тудырған адамдардың қолымен шешілуі тиіс

Иран Президенті келіссөз үшін келіссөз емес, әділ әрі қисынды келісім мен нәтижеге жету мақсатында келіссөздер өткізуге келісетінін айтып: «Келісімнің түйіні сол түйінді тудырған адамдардың қолымен шешілуі тиіс»,-деді.

Ибраһим Раиси АҚШ-тың сыртқы саясаты жөніндегі мамандар мен сарапшылардың бір тобымен өткен жиналыста Иранның бөгде елдерді аймақ мәселелеріне араластырмау туралы ұстанымының басты дәлелдерінің біріне тоқталып: «Ауғанстан халқының қазіргі жағдайы – АҚШ пен НАТО күштерінің осы елді 20 жылдан аса уақыт бойы басып алып, билеп-төстеуінің нәтижесі»,-деді.

Раиси: «ИИР ядролық келісімнен шыққан жоқ және осы келісімдегі өзінің міндеттемелерін орындады. Келісімнен шыққан – АҚШ, міндеттемелерін орындамаған – Еуропа елдері»,-деді.

Иран Президенті: «АҚХА осы күнге дейін ИИР-дың ядролық жұмыстарының бейбіт мақсатта екенін және агенттіктің ережелерін бұзбағанын 15 рет растады»,-деді.

Иран Президенті: «Иран орналасқан аймақта бірнеше ел ядролық жұмыстармен айналысып жатыр, тіпті ядролық қарулар жасайды. Бірақ АҚХА да, уәж айтатын елдер де оларға көңіл аударып отырған жоқ»,-деді.

Раиси: «Егер Батыс елдері демократияны қолдау туралы уәждерінде шыншыл болса, барлық палестиналықтар, соның ішінде яһудилер, христиандар мен мұсылмандардың қатысуымен еркін сайлау өтуіне жағдай жасасын. Сөйтіп, оларға өз тағдырына қатысты шешім қабылдауға мұрсат берсін»,-деді.

Тегтер