Грузияда үстел теннисінен өткен жарыста ирандық қыздар жүлделі орындарға ие болды
Қыр 27, 2022 02:57 Asia/Almaty
Иранның теннисші қыздары Грузияда жасөспірімдер арасында өткен "WTT Youth Contender" турнирінде 1 алтын, 1 күміс жəне 5 қола жүлде алып, өз жұмыстарын аяқтады.
23-26 қыркүйек аралығында Грузияның астанасы Тбилиси қаласында жасөспірімдер арасында үстел теннисінен жарыс өтті.
Жарыстың соңғы күнінде Иранның теннисші қыздары 15 жасқа дейінгілер арасында 1 алтын жəне 2 қола алса, 11 жасқа дейінгілер арасында 1 күміс жүлдеге ие болды.