Иран БАƏ-нің үш арал туралы уəжіне кесімді жауап берді
https://parstoday.ir/kz/news/world-i64370-Иран_БАƏ_нің_үш_арал_туралы_уəжіне_кесімді_жауап_берді
ИИР делегациясы БҰҰ Бас ассамблеясының 77-ші сессиясында БАƏ-нің Халықаралық ынтымақтастық істер жөніндегі министрі Рим Хашемидің ирандық аралдар туралы уəждеріне кесімді жауап берді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қыр 29, 2022 14:43 Asia/Almaty
  • Иран БАƏ-нің үш арал туралы уəжіне кесімді жауап берді

ИИР делегациясы БҰҰ Бас ассамблеясының 77-ші сессиясында БАƏ-нің Халықаралық ынтымақтастық істер жөніндегі министрі Рим Хашемидің ирандық аралдар туралы уəждеріне кесімді жауап берді.

ISNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, ИИР-дің Нью-Йорктегі өкілдігінің екінші хатшысы Пейман Ғадирхоми тарапынан БҰҰ Бас ассамблеясының 77-ші сессиясында оқылған баяндамада: "БАƏ министрінің Парсы шығанағындағы ирандық аралдар туралы негізсіз уəждерді қайталауы Иранның аумақтық тұтастығына қол сұғу болып табылады",-делінген.

Ғадирхоми: "БАƏ құрылғанынан ұзақ жылдар бұрын тарихи шындық бойынша бұл аралдар ирандық еді, қазір де, кейін де ирандық болып қала береді",-деді.