Иран БАƏ-нің үш арал туралы уəжіне кесімді жауап берді
Қыр 29, 2022 14:43 Asia/Almaty
ИИР делегациясы БҰҰ Бас ассамблеясының 77-ші сессиясында БАƏ-нің Халықаралық ынтымақтастық істер жөніндегі министрі Рим Хашемидің ирандық аралдар туралы уəждеріне кесімді жауап берді.
ISNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, ИИР-дің Нью-Йорктегі өкілдігінің екінші хатшысы Пейман Ғадирхоми тарапынан БҰҰ Бас ассамблеясының 77-ші сессиясында оқылған баяндамада: "БАƏ министрінің Парсы шығанағындағы ирандық аралдар туралы негізсіз уəждерді қайталауы Иранның аумақтық тұтастығына қол сұғу болып табылады",-делінген.
Ғадирхоми: "БАƏ құрылғанынан ұзақ жылдар бұрын тарихи шындық бойынша бұл аралдар ирандық еді, қазір де, кейін де ирандық болып қала береді",-деді.