Флоридада Ян дауылы құрбандарының саны артты
https://parstoday.ir/kz/news/world-i64420-Флоридада_Ян_дауылы_құрбандарының_саны_артты
Флоридадағы Ян дауылы құрбандарының саны 45-ке жетті.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаз 01, 2022 17:57 Asia/Almaty

Флоридадағы Ян дауылы құрбандарының саны 45-ке жетті.

 

IRNA ақпарат агенттігінің сенбі күнгі хабары бойынша, өткен аптада Кариб теңізі мен Куба арқылы өтіп, АҚШ шығысына жеткен Ян дауылының салдарынан өткен түнде Флорида штатында материалдық шығын мен ауқымды электр қуатының үзілуіне қоса 45 адам қаза тапты.  Бұған дейін Флоридадағы  Ян дауылы құрбандарының саны 23 адам жарияланды.

Ян дауылының әлсіреуі күтілуде, бірақ Флоридадан өткеннен кейін ол жұма күні 60 миль/сағ желмен Оңтүстік Каролинаға кірді. Ян  тайфуны салдарынан жүздеген үй қирап, құтқару күштері штаттың әртүрлі бөліктеріндегі 275 адамды су басу қаупінен құтқара алды.   АҚШ президенті Джо Байден: «Бұл дағдарыс тек Флорида үшін емес, бүкіл Америка үшін дағдарыс»,- деді.