Мохбер: Каспий теңізі – жағалау елдерінің ортақ мұрасы
Қаз 06, 2022 17:49 Asia/Almaty
Иран Вице-президенті: «Теһран конвенциясы» деп аталатын Каспий теңізінің экожүйесін сақтау туралы конвенция жағалау елдері үшін осы теңіздің қоршаған ортасын сақтауға берілген қолайлы құқықтық ая болып табылады»,-деді.
Мұхаммед Мохбер Мәскеуде өткен II Каспий экономикалық форумында: «Каспий теңізі – жағалау елдерінің ортақ мұрасы. Сондықтан оны келешек ұрпаққа сақтап қалу керек»,-деді.
Мохбер: «Теһран Каспий маңы елдерінің сауда-экономикалық ынтымақтастығын дамытуға атсалысуға дайын»,-деп қуаттады.
Мохбер Каспий маңы елдерімен қаржы және банк саласында әріптестікті дамыту мақсатында арнайы бағдарлама дайындап, жүзеге асыруды ұсынды.