Қырым көпірі өртке оранды
Қаз 08, 2022 10:49 Asia/Almaty
Бұл түбекті Ресеймен байланыстыратын Қырым көпірі өртеніп, құрылымының бір бөлігі опырылып құлады.
Сенбі күні таңертең жергілікті уақыт бойынша 06:29-да Қырым көпірінде жарылыс болып, өрт басталды. Қырым көпірінде болған жан түршігерлік жарылыстан аудан тұрғындары оянған. Жарияланған бейнелердің бірінде кем дегенде екі жалын көрінеді, бірі Қырым көпірінің теміржол желісінде, екіншісі оның маңында.
Қырым басшысының кеңесшісі Олег Крючков: «Алдын ала мәлімет бойынша, Қырым көпірінің учаскелерінің бірінде жанармай құятын цистерна өртенді», - деді.