Оманда ирандық экспорттаушылар үшін ақша желісі іске қосылды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i64586-Оманда_ирандық_экспорттаушылар_үшін_ақша_желісі_іске_қосылды
Иранның Сауданы дамыту ұйымының басшысы Омандағы ирандық компаниялар мен кәсіпкерлер үшін ақша аудару желісінің іске қосылғанын хабарлады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаз 08, 2022 13:15 Asia/Almaty
  • Оманда  ирандық экспорттаушылар үшін ақша желісі іске қосылды

Иранның Сауданы дамыту ұйымының басшысы Омандағы ирандық компаниялар мен кәсіпкерлер үшін ақша аудару желісінің іске қосылғанын хабарлады.

 

Иранның Сауда және даму ұйымының басшысы Алиреза Пейманпак ирандық саудагерлер мен кәсіпкерлердің шетелдік әріптестерімен ақша аударымдарын жеңілдетудің кейбір әдістеріне тоқталып: «Қазіргі уақытта Оманда ирандық компаниялар мен кәсіпкерлер үшін ақша аудару желісі құрылды және осы ақша желісі арқылы БАӘ-дегі ирандық экспорттаушыларға дирхамдар беріледі. Ирандық саудагерлер мен экспорттаушылар үшін арнайы қаржы желісін құру басқа елдерде, соның ішінде Катар, Ресей, Өзбекстан және Шығыс Еуропада жүзеге асырылуда»,- деді.