Ресей парламентінің спикері Зеленскийді террорист деп атады
(last modified Tue, 11 Oct 2022 14:48:30 GMT )
Қаз 11, 2022 20:48 Asia/Almaty
  • Ресей парламентінің спикері Зеленскийді террорист деп атады

Ресей Мемлекеттік Думасының спикері Украина Қауіпсіздік қызметінің Ресей Қауіпсіздік кеңесінің мүшелеріне іздеу жарияланғаны туралы мәлімдемесінен кейін Украина президенті Владимир Зеленскийді террорист деп атады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Вячеслав Володин сейсенбі күні Киев үкіметі лаңкестік режимге айналғандықтан, Зеленскийді қолдайтын елдер терроризмді жақтаушылар деп мәлімдеді. Ресей Думасының спикері мұндай мәлімдемелерді айта отырып, террористермен келіссөз жүргізуге болмайды деген әлемге белгілі ережеге тоқталды.

Володин Украина президентінің есімін оның ішінде Әл-Қаиданың жетекшісі Усама бен Ладен және қастандыққа тапсырыс берген басқа да халықаралық лаңкестер қатарына жатқызды.

 

Тегтер