Ресей мен Украина тұтқындармен алмасты
https://parstoday.ir/kz/news/world-i64756-Ресей_мен_Украина_тұтқындармен_алмасты
Ресей басшылары Украинамен тұтқындар алмасқанын хабарлады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаз 14, 2022 16:39 Asia/Almaty
  • Ресей мен Украина  тұтқындармен алмасты

Ресей басшылары Украинамен тұтқындар алмасқанын хабарлады.

 


Украинадағы соғысқа сегіз айдан астам уақыт өтті,  батыс елдері Украинаға саяси қолдау көрсетіп, қару-жарақ беру арқылы соғысты ұзартуға, қантөгісті жалғастыруға тырысуда.

Ресей Қорғаныс министрлігі тұтқындарды алмасу бойынша келіссөздер нәтижесінде 20 ресейлік сарбаздың Украина режимінің бақылауындағы аумақтардан қайтарылғанын хабарлады. Министрлік бұл тұтқындар қазір қажетті психологиялық-медициналық кеңестен өтіп жатқанын және жақын арада Қорғаныс министрлігіне қарасты медициналық орталықтарға емделу және оңалту үшін тапсырылатынын қосты.