Азиялық ересектер арасындағы ауыр атлетика жарыстарында ирандық әйел жеңіске жетті
https://parstoday.ir/kz/news/world-i64776-Азиялық_ересектер_арасындағы_ауыр_атлетика_жарыстарында_ирандық_әйел_жеңіске_жетті
Ирандық ауыр атлет Азия чемпионатының әйелдер арасындағы 81 келі салмақта алтын медаль жеңіп алды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаз 15, 2022 13:58 Asia/Almaty

Ирандық ауыр атлет Азия чемпионатының әйелдер арасындағы 81 келі салмақта алтын медаль жеңіп алды.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, кеше Бахрейнде 2022 жылғы Азия чемпионаты әйелдер арасындағы ауыр атлетикадан 81 келі салмақтағы «А» тобындағы жарыс өтті. Ирандық Сейеде Эльхам Хұсейни үш алтын медаль жеңіп алды.

Сейеде Эльхам Хұсейни бір соққыда 102 келі салмақты көтеріп, алтын медальға қол жеткізді. Ол  125 келі салмақты бағындырып, екі соққыда тағы бір алтынды жеңіп алды және жалпы салмағы 227 келімен Иранға осы санаттағы үшінші алтынды әкелді.