Путин: Біз Украинаның жойылуын көздемейміз
Қаз 15, 2022 15:29 Asia/Almaty
Ресей президенті журналистерге бұл елдің Украинаны ел ретінде жоюды көздемейтінін айтты.
Жұма күні журналистер алдында сөйлеген Владимир Путин «Украина ел ретінде өмір сүруін жалғастыра ма?» деген сұраққа: «Біздің мақсатымыз бүкіл Украинаны жою емес. Оларға келсек, бір кезде 2,4 миллион адам тұратын Қырымға суды кесіп тастады. Біздің күштер аймаққа кіріп, Қырымға су беруді қалпына келтіруге мәжбүр болды. Егер олар бұл әрекетті орындаудан бас тартқанда, ешқандай шара қолданылмайтын еді. Қырым түбегіне бомбалар қою Қырыммен құрлық байланысы болуы керек деген мәселенің маңыздылығын тағы бір рет көрсетті», - деді.