Иран мен Қазақстанның әріптестігімен Дүниежүзілік Фараби конгресінің алғашқы отырысы өтеді
Иран мен Қазақстанның әріптестігімен Дүниежүзілік Фараби конгресінің алғашқы отырысы Теһранда келер жылы ақпан айында өтеді.
Конгрестің бірінші кезеңінде Иран мен Қазақстанның академиялық мекемелерінің әріптестігінен бөлек, ирандық және қазақ фарабитанушылармен қоса, көрнекті халықаралық фарабитанушылардың бір тобы Фарабидің ойларын талқылайды.
Конгрестің беделді ирандық және шетелдік фарабитанушыларынан тұратын ғылыми комитетінде 2023 жылы 1-3 наурызда конгрестің мақалалар жинағын шығарумен қоса, Фарабидің ойларына қатысты отырыстардың тізімі жарияланады.
22 қазан – Дүниежүзілік Фараби күніне орай профессор Мохсен Мехдиді еске алып, ұлықтау рәсімі, фарабитанушылар мен гуманитарлық және әлеуметтік салалардағы ғалымдардың ғылыми жиналыстары конгресс хатшылығы жоспарлаған бағдарламалардың қатарына жатады. Бұл шаралар конгрестің басты отырысына дейін өтуі тиіс.