Франция полициясы қуат көздері бағасына қарсы наразылыққа шыққан халыққа қатыгездік көрсетті
Қаз 17, 2022 17:54 Asia/Almaty
Франция полициясы жексенбі күні үкіметке қарсы наразылық өткізген халыққа таяқ және көзден жас ағызатын газбен шабуыл жасап, ондаған адамды ұстап әкетті. Бірқатар адам жараланды.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Парижде Ұлт алаңынан Басти алаңына дейінгі Франция халқының шеруі жолында қалалық соғыс қаруын асынған бүлікке қарсы 2 мыңнан аса полиция күші орналасты.
Ақпарат құралдарының хабарлауынша, шамамен 140 мың француз Парижде үкіметке қарсы шеруге қатысты.






