Ресейлік әскери ұшағы апаты салдарынан 13 адам қаза тапты
https://parstoday.ir/kz/news/world-i64858-Ресейлік_әскери_ұшағы_апаты_салдарынан_13_адам_қаза_тапты
Ейск қаласында ресейлік жойғыш ұшағы апатқа ұшырап, 13 адам қаза тауып, кемінде 25 адам жарақат алды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаз 18, 2022 13:34 Asia/Almaty
  • Ресейлік әскери ұшағы апаты салдарынан 13 адам қаза тапты

Ейск қаласында ресейлік жойғыш ұшағы апатқа ұшырап, 13 адам қаза тауып, кемінде 25 адам жарақат алды.

 

Ресей Қорғаныс министрлігі дүйсенбі күні мәлімдеме жасап, ресейлік Су-34 жойғыш ұшағы Украинаның іргесіндегі Ейск қаласында тұрғын үйге соғылып құлағанын хабарлады. Алексей Кузнецов: «Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, апат болған жерді тазалаудан кейін 13 адамның, оның ішінде үш баланың мәйіті табылды. Бұл оқиғадан кем дегенде 25 адам зардап шекті»,- деді.

Ұшақ ұшқыштары  апатқа  ұшу кезінде қозғалтқыштарының бірінің өртенуі себеп болғанын хабарлады.