Ресейлік әскери ұшағы апаты салдарынан 13 адам қаза тапты
Қаз 18, 2022 13:34 Asia/Almaty
Ейск қаласында ресейлік жойғыш ұшағы апатқа ұшырап, 13 адам қаза тауып, кемінде 25 адам жарақат алды.
Ресей Қорғаныс министрлігі дүйсенбі күні мәлімдеме жасап, ресейлік Су-34 жойғыш ұшағы Украинаның іргесіндегі Ейск қаласында тұрғын үйге соғылып құлағанын хабарлады. Алексей Кузнецов: «Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, апат болған жерді тазалаудан кейін 13 адамның, оның ішінде үш баланың мәйіті табылды. Бұл оқиғадан кем дегенде 25 адам зардап шекті»,- деді.
Ұшақ ұшқыштары апатқа ұшу кезінде қозғалтқыштарының бірінің өртенуі себеп болғанын хабарлады.