Тәжікстан Иран жолындағы жаңа транзиттік дәлізін жариялады
Қаз 22, 2022 15:54 Asia/Almaty
Тәжікстанның Көлік министрі Тәжікстан бөлігінде Қытай-Тәжікстан-Өзбекстан-Түркіменстан-Иран-Түркия мультимодальды дәлізінің ашылғанын хабарлады.
Тәжікстанның көлік министрі Азим Ибрагим Қытай мен Түркия арасындағы мультимодальды дәліздің Ұлы Жібек жолының қайта жандануына көмектесетініне назар аударып: «Бұл дәлізді пайдалану жүк тасымалдаудың қашықтығы мен құнын азайтуға және қолданыстағы дәліздермен салыстырғанда аймақтық экономикалық интеграцияға тиімді»,- деді. Тәжікстанның Көлік министрінің айтуынша, қазіргі уақытта басқару жүйесін автоматтандыру жобасы жүзеге асырылуда және Тәжікстан аумағы арқылы жүк тасымалдауды онлайн орналастыруды енгізу жұмыстары жүргізілуде.