Антониу Гутерриш Шаһшыраққа жасалған лаңкестік шабуылды айыптады
(last modified Thu, 27 Oct 2022 15:20:17 GMT )
Қаз 27, 2022 21:20 Asia/Almaty
  • Антониу Гутерриш Шаһшыраққа жасалған лаңкестік шабуылды айыптады

БҰҰ Бас хатшысы Шираздағы Шаһшыраққа жасалған лаңкестік шабуылды айыптады.

Al-Mayadeen ақпарат арнасының хабарлауынша, Антониу Гутерриш Шираздағы Шаһшырақ кесенесіне жасалған лаңкестік шабуылға қатысты мәлімдемесінде: «Иранның Шираз қаласындағы Шаһшырақты нысанаға алған лаңкестік шабуылды айыптаймыз»,-деді.

БҰҰ Бас хатшысы: «Діни орындарды нысанаға алатын әрекеттердің бәрі жиіркенішті»,-деді.

Антониу Гутерриш зияратшыларға лаңкестік шабуыл жасағандарды соттауды талап етті.

Бұған дейін БҰҰ Бас хатшысының баспасөз өкілі Стефан Дуджарик сәрсенбі күні Шаһшырақ кесенесіне жасалған лаңкестік шабуылды айыптады.  

БҰҰ Бас хатшысының баспасөз өкілі осы жөнінде: «Иранда бір діни орынға жасалған шабуыл шын мәнінде айыптауға лайықты. Біз барлық лаңкестік әрекеттерді айыптаймыз»,-деп мәлімдеді.