Астанада өткен ТМД премьер-министрлері кеңесінің отырысында 13 құжатқа қол қойылды
ТМД ға мүше елдер премьер-министрлері кеңесінің отырысы Қазақстанның елордасында 13 құжатқа қол қоюмен аяқталды.
Отырыс соңында ТМД ның кезекті төрағалығы Қазақстаннан Қырғызстанға тапсырылды. ТМД премьер-министрлері кеңесінің отырысына қатысушылар еркін сауда жасау, қызмет көрсету және инвестиция салу туралы келісімдерге қол қойды. Астана отырысында көтерілген маңызды мәселелердің бірі Оңтүстік Кавказ аймағының мәселелері және Қарабақ бейбітшілігі туралы он баптық келісімге қол қою болды. Астана отырысына қатысқан ТМД басшыларының сөздерінде аймақ елдерінің әрқайсысына келешек отырыстарда маңызды болатын айтулы тақырыптар қозғалды. Мысалы, Ресей Президентінің әкімшілігі мәлімдеме жариялап: «Оңтүстік Кавказ аймағында сауда-экономикалық қатынастар мен тасымалды дамыту 1 қарашада Сочиде өтетін отырыста талқыланатын маңызды тақырыптардың бірі болады», деп хабарлады. Бұған дейін Ресей Президенті Владимир Путин жұма күні, 28 қазанда Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше елдердің Премьер-министрлері кеңесінің төтенше отырысында сөйлеген сөзінде Ресейдің Оңтүстік Кавказ аймағында тұрақтылық орнатуды қалайтынын айтып: «Мәскеу Әзірбайжан мен Арменияның қарым-қатынасын қалыптандыруға талпынып жатыр», деді. Армения Премьер-министрі Никол Пашинян 28 қазанда Астана отырысында сөйлеген сөзінде: «Ресей ұсынған принцип бойынша Ереван Бакумен қарым-қатынас орнатуға дайын», деді. Никол Пашинян сондай ақ: «Армения Ресей ұсынған принцип бойынша Сочиде өтетін үш ел басшыларының отырысында Әзірбайжанмен байланыс орнатуға келісті», деді. Армения Премьер-министрі осылай деп отырғанда Ильхам Әлиев үкіметінің басшылары өткен айларда өз одақтастары, әсіресе Израиль режимі мен Түркияның көмегімен Армениядан дәліз алуға қатысты ауқымды үгіт-насихат жүргізіп жатыр. Әзірбайжан Президентінің осы ауқымды, бірақ негізсіз үгіт-насихатына қарамастан, Армения: «Әзірбайжанға дәліз беру туралы сөйлескен жоқ, келешекте де әзірбайжан тарапымен бұл туралы сөйлеспейді», деп мәлімдеді. Баку мен Анкара басшылары, әсіресе Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиев аймақтың ақпарат құралдарында кейбір қауесеттер таратты. Бірақ түрікшілдер мен халықаралық сионистер сияқты бөгде ағымдар Арастың солтүстігінде бастаған қауесеттер қысқа уақыт ішінде әзірбайжан және түрік саясаткерлердің құлағына жетіп, сеніміне айналды. Баку үкіметі басшыларының сенімінше, Израиль режимінің жанында тұрған кез келген саясаткердің билігі мәңгіге кепілдендірілген. Сол себепті Баку басшылары, әсіресе Ильхам Әлиев өздерін сионистік режимнің тұрақты одақтасы етіп таныстыруға талпынып жатыр. Бірақ өткен онжылдықтардағы тәжірибе көрсеткендей, ешбір саясаткер өз халқының қолдауынсыз елді басқара алмайды. Астанада өткен ТМД Премьер-министрілері кеңесінің отырысын қорытындылай келе, бұл отырыста басты тақырыптарға қарағанда тақырыптан тыс сөздер маңыздырақ болды деп айтуға болады. Өйткені сөз сөйлегендердің көбі өз елдеріне қатысты маңызды мәселелер туралы пікір білдірді. Ресей мен Армения басшыларының сөздері Оңтүстік Кавказ аймағында дағдарысты шешуге ынталы екенін көрсетті.