Лавров: Күрдтер бейбітшілік келіссөздеріне қатыстырылуы керек
Ресейдің Сыртқы істер министрі Сирияда өтіп жатқан келіссөздерге аталмыш елдегі күрдтердің қатысуы қажеттігін баса айтты.
Fars ақпарат агенттігінің Interfax ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров жұма күні кешке америкалық әріптесімен телефон арқылы сұхбатында саяси шешімге жету мақсатында сириялық күрдтердің де өтіп жатқан келіссөздерге қатысуы қажеттігін қуаттап: «Халықаралық келіссөздердің бастамасы ретіндегі осы күндері Сирия үкіметіне наразылық білдірушілер арасында өтіп жатқан Сирияның ішкі келіссөздеріне күрдтер қатысуы қажет»,-деп баса айтты.
Сондай-ақ, Ресей Сыртқы істер министрі өз елінің АҚШ-пен келіспеушіліктерінің кейбір сириялық лаңкес топтарды лаңкес немесе наразылық білдіруші деп жіктеуіне байланысты екендігін қуаттады.