Раиси Ресейдің Иранмен экономикалық әріптестікті нығайту ниетін қолдады
https://parstoday.ir/kz/news/world-i65494-Раиси_Ресейдің_Иранмен_экономикалық_әріптестікті_нығайту_ниетін_қолдады
Иран Президенті Ресейдің Иранмен экономикалық әріптестікті нығайту ниетін қолдап, инфрақұрылымды дамыту, соның ішінде Еуразия көлемінде байланыс жолдарын салу аймақта экономикалық ынтымақтастық пен сауда қарым-қатынасын қарқынды дамытуға себеп болатынын айтты.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қар 13, 2022 14:10 Asia/Almaty
  • Раиси Ресейдің Иранмен экономикалық әріптестікті нығайту ниетін қолдады

Иран Президенті Ресейдің Иранмен экономикалық әріптестікті нығайту ниетін қолдап, инфрақұрылымды дамыту, соның ішінде Еуразия көлемінде байланыс жолдарын салу аймақта экономикалық ынтымақтастық пен сауда қарым-қатынасын қарқынды дамытуға себеп болатынын айтты.

Ибрахим Раиси сенбі күні кешке Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сұхбатында Ресейдің Иранмен экономикалық әріптестікті нығайту ниетін қолдап, инфрақұрылымды дамыту, соның ішінде Еуразия көлемінде байланыс жолдарын салу аймақта экономикалық ынтымақтастық пен сауда қарым-қатынасын қарқынды дамытуға себеп болатынын айтты. Ол екі елдің арасында дипломатиялық және экономикалық қарым-қатынастардың артқанына тоқталып, саяси-экономикалық кеңестердің өзара ынтымақтастықты нығайтып, байланыс деңгейін жоғарылатуда маңызды рөл ойнайтынын айтты. Ресей Президенті Владимир Путин осы телефон арқылы сұхбатта Иранның айрықша географиялық жағдайына тоқталып, Солтүстік-Оңтүстік дәлізінің жүк тасымалдау уақыты мен шығынын азайтуға әсер ететінін айтып: «Осы транзиттік бағыт әлемдік сауда мен экономика үшін тартымды жолға айналады»,-деді. Путин сондай-ақ Ресейдің 100 адамдық сауда делегацисының Теһранға сапарына тоқталып: «Иран мен Ресей өзара әрекеттестікті кеңейту үшін мол мүмкіндіктер мен әлеуеттерге ие»,-деді. Бұл – Ресейдің Иранға жіберіп отырған үшінші ірі делегациясы.