Канани: Германияның Иранға қатысты ұстанымы – ішкі іске араласушылық
Қар 13, 2022 15:01 Asia/Almaty
Иран СІМ-нің ақпарат өкілі Германия канцлерінің жуырда Иранға қатысты айтқан ұстанымын ішкі іске араласушылық, арандатушылық және дипломатияға жат әрекет деп атады.
Германия канцлері Олаф Шульц сенбі күні Твиттердегі жеке парақшасында Ирандағы бүліктерді қолдайтынын жариялап: «Еуроодақтың Иранға қарсы жаңа санкцияларын қолдаймын»,-деп мәлімдеді. Иран СІМ-нің ақпарат өкілі осы ішкі іске араласушы әрекетке жауап беріп: «Адам құқығын қорғаушымыз дейтін кейбіреулер Иран халқына қатысты антигуманистік іс жасағанын ұмытып, Саддам режимін қолдап, ДАИШ лаңкестік тобының Шахшырақ кесенесіне лаңкестік шабуылына қатысты үнсіз қалу арқылы адам құқығын саяси ойындардың құралына айналдырып отыр»,-деді. Канани тағы бір рет Германия басшыларына өзара қарым-қатынаста рационализмге қайта оралуға, байланыстың одан ары ушығып кетуінің алдын алуға кеңес беріп: «Құрметтеу және өзара мүдделерді сақтау – тұрақты ынтымақтастықтың жалғыз жолы»,-деп ескертті.