Амир Абдуллахиан Катар Сыртқы істер министрімен телефон арқылы сөйлесті
https://parstoday.ir/kz/news/world-i65544-Амир_Абдуллахиан_Катар_Сыртқы_істер_министрімен_телефон_арқылы_сөйлесті
Иран Сыртқы істер министрі Хұсейн Амир Абдуллахиан дүйсенбі күні кешке Катар Сыртқы істер министрі Мұхаммад бен Абдулрахман әл-Танимен телефон арқылы сөйлесіп, екіжақты қарым-қатынастарды талқылады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қар 15, 2022 13:02 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан Катар Сыртқы істер министрімен телефон арқылы сөйлесті

Иран Сыртқы істер министрі Хұсейн Амир Абдуллахиан дүйсенбі күні кешке Катар Сыртқы істер министрі Мұхаммад бен Абдулрахман әл-Танимен телефон арқылы сөйлесіп, екіжақты қарым-қатынастарды талқылады.

Иран мен Катар Сыртқы істер министрлері екіжақты ынтымақтастық, ядролық келіссөздерге қатысты соңғы оқиғалар, сондай-ақ 2022 жылы Катарда футболдан әлем чемпионатын өткізуге соңғы дайындықтар туралы пікір алмасты. Бұл телефон сұхбатының егжей-тегжейлері хабарланған жоқ.