Амир Абдуллахиан Катар Сыртқы істер министрімен телефон арқылы сөйлесті
Қар 15, 2022 13:02 Asia/Almaty
Иран Сыртқы істер министрі Хұсейн Амир Абдуллахиан дүйсенбі күні кешке Катар Сыртқы істер министрі Мұхаммад бен Абдулрахман әл-Танимен телефон арқылы сөйлесіп, екіжақты қарым-қатынастарды талқылады.
Иран мен Катар Сыртқы істер министрлері екіжақты ынтымақтастық, ядролық келіссөздерге қатысты соңғы оқиғалар, сондай-ақ 2022 жылы Катарда футболдан әлем чемпионатын өткізуге соңғы дайындықтар туралы пікір алмасты. Бұл телефон сұхбатының егжей-тегжейлері хабарланған жоқ.