Әзірбайжан мен Армения күштері арасындағы шекаралық қақтығыс
https://parstoday.ir/kz/news/world-i65554-Әзірбайжан_мен_Армения_күштері_арасындағы_шекаралық_қақтығыс
Армения Әзірбайжанды атысты тоқтату келісімінің ережелерін бұзып, шекарада орналасқан армян күштеріне шабуыл жасады деп айыптады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қар 15, 2022 15:16 Asia/Almaty
  • Әзірбайжан мен Армения күштері арасындағы шекаралық қақтығыс

Армения Әзірбайжанды атысты тоқтату келісімінің ережелерін бұзып, шекарада орналасқан армян күштеріне шабуыл жасады деп айыптады.

Бұл жаңалықты жариялаған мәлімдемеде Армения Қорғаныс министрлігі бұл шабуылда Әзірбайжан күштерінің жеңіл және ауыр қару қолданғанын хабарлап: «Жақында болған шабуылдан зардап шеккендер жоқ және кешкі сағат 22.00-де шекаралас аймақта тыныштық орнады»,- деді.

Баку мен Ереван арасындағы қарым-қатынастарды қалыпқа келтіру процесі көптеген шешілмеген мәселелердің, соның ішінде армян тұтқындарын тапсыру, Армения территориясының бір бөлігінде Әзірбайжан күштерінің болуы және шекараның анық еместігінің әсерінен баяу жүріп жатыр.