Ресей кедені Иранның коммерциялық жүк көліктерін электронды пломбалау туралы ұсынысымен келісті
Қар 15, 2022 15:47 Asia/Almaty
Иран Сыртқы істер министрлігі Экономикалық дипломатия министрінің орынбасары Иран-Ресей сауда конференциясында Ресей кеденінің Иранның коммерциялық жүк көліктерін электронды түрде пломбалау туралы ұсынысымен келіскенін айтты.
Мехди Сафари: «Осы жоспардың жүзеге асуымен ирандық жүк көліктері мөрленгеннен кейін Ресей кеденіндегі тауарларды ашпай, тиіспей межелі жерге жетеді, бұл жасыл кеденнен бір саты жоғары және екі елді еркін саудаға жақындатады»,- деді.
Иран-Ресей іскерлік конференциясы бүгін (сейсенбі) Теһранда Иранның Сауда, өнеркәсіп, кен және ауыл шаруашылығы палатасының ұйымдастыруымен өтті.