Зариф алдағы аптада Латын Америкасындағы 5 елге сапар шегеді
(last modified Sat, 30 Apr 2016 16:18:50 GMT )
Сәу 30, 2016 22:18 Asia/Almaty
  • Зариф алдағы аптада Латын Америкасындағы 5 елге сапар шегеді

СІМ- нің ақпарат хатшысы Иран Сыртқы істер министрінің алдағы аптада Латын Америкасындағы 5 елге сапар шегетінін хабарлады.

Иран СІМ- нің ақпарат хатшысы Садық Хосейн Джабери Ансари бүгін сенбі күні Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зарифтің 8- ші мамыр, жексенбі күні Бразилия, Никарагуа, Боливия, Венесуэла және Кубаға сапар шегетінін мәлімдеп:

"Иран Сыртқы істер министрі Латын Америкасына жасайтын алты күндік сапарында «Ортақ қадам» жан- жақты бағдарламасы күшіне енгізілгеннен кейін осы елдермен екі жақты байланысты арттыру жолдарын қарастырады. Иран үкіметі әлемдегі түрлі елдермен үйлесімді байланыс орнатуды көздейді» деді.

Иран СІМ- нің ақпарат хатшысының айтуынша, Зарифтің Латын Америкасына сапары осы аймақтағы елдермен саяси және экономикалық байланыстарды кеңейту бағытында іске асырылады. Сапарда Иран Сыртқы істер министрімен экономикалық делегация бірге болады.