Еуроодақ Твиттердің иесіне жалған ақпарат таратпау туралы ескертті
(last modified Thu, 01 Dec 2022 16:41:00 GMT )
Жел 01, 2022 22:41 Asia/Almaty
  • Еуроодақ Твиттердің иесіне жалған ақпарат таратпау туралы ескертті

Еуроодақ Твиттердің иесіне жалған ақпараттар мен алдамшы жарнамалар таратпау туралы ескертті.

Еуропаның ішкі нарық істері жөніндегі комиссары Тьерри Бретон Твиттер компаниясының иесі Илон Маскқа: "Бұл компания ашықтық пен сөз бостандығын кепілдендіріп, жалған ақпараттар мен алдамшы жарнамаларды таратпауға қатысты шара қолдануы тиіс",-деп мәлімдеді.

Америкалық ақпарат құралдары үсті-үстіне Илон Маск пен Твиттер туралы сын-пікір жазып жатыр.

Твиттер компаниясы Илон Масктың қолына өткеннен кейін отставкаға кеткен бұрынғы басшылардың бірі Юваль Росс: "Масктың әрекетті апатты болуы мүмкін",-деп ескертті.  Ол Илон Масктың басқару тәсілін диктаторлық басқару деп сипаттады.

Тегтер