Канани: Сионистердің адам құқығы жайлы сөз қозғауға қақысы жоқ
(last modified Fri, 02 Dec 2022 17:30:24 GMT )
Жел 02, 2022 23:30 Asia/Almaty
  • Канани: Сионистердің адам құқығы жайлы сөз қозғауға қақысы жоқ

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы басқыншы, лаңкес, нәсілшіл сионистік режимнің адам құқығы жайлы сөз қозғауға моральдық құқығы жоғын айтты.

Mehr ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Насер Канани бейсенбі күні Твиттердегі жеке парақшасында: "Халыққа қарсы қылмыскерлер мен басқыншы сионистік режимді қолдаушылар адам құқығы жайлы және басқалардың амалы туралы сөз қозғауға моральдық құқығы жоқ",-деп жазды.

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы: "Адам құқығын бұзушылар өздерінің іс-әрекеттеріне көз салып, адам құқығын саяси құрал ретінде пайдаланудан бас тартқаны дұрыс",-деді.

Канани: "АҚШ үкіметі мен Батыс елдері сан рет адам құқығын бұзғанына байланысты ар-ұждан алдында айыпталады",-деп еске салды.   

Тегтер