Maм 01, 2016 19:39 Asia/Almaty
  • Рухани Иранның садақ ату бойынша ұлттық командасын жеңіспен  құттықтады

ИИР президенті өз жолдауында садақ ату бойынша ерлердің ұлттық құрама командасының Қытайдың Шанхай қаласында өткен әлемдік кубок жарыстарында жеңіске жетуімен құттықтады.

Иран президенті Хасан Рухани осы жолдауда Иранның садақ ату бойынша ерлердің ұлттық құрама командасының әлем біріншілігінде жеңімпаз болуына алғыс айтып, ирандық жастардың спорттың барлық салаларында жеңімпаз болып, талпыныстар жасап, өркендеуіне тілектестік білдірді. Иранның садақ ату бойынша ерлердің ұлттық құрамасы Америка командасын жеңудің нәтижесінде әлем біріншілігі сайыстарының екінші кезеңінде алтын медаль мен чемпион атағына қол жеткізді.

Тегтер