Иран: БҰҰ қарары заңсыз
https://parstoday.ir/kz/news/world-i66254-Иран_БҰҰ_қарары_заңсыз
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы БҰҰ Бас ассамблеясында Канаданың ұсынысымен және Еуропа елдері мен сионистік режимнің қолдауымен Иранға қарсы қарардың бекітілуін осындай ұсыныс жасаушылардың екіжүзділігін көрсететінін, сондықтан заңды күшке ие емес екенін айтты.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Жел 16, 2022 14:28 Asia/Almaty
  • Иран: БҰҰ қарары заңсыз

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы БҰҰ Бас ассамблеясында Канаданың ұсынысымен және Еуропа елдері мен сионистік режимнің қолдауымен Иранға қарсы қарардың бекітілуін осындай ұсыныс жасаушылардың екіжүзділігін көрсететінін, сондықтан заңды күшке ие емес екенін айтты.

Жыл сайын адам құқығын сылтауратып қарар ұсынатын Канаданың Иранға қарсы қарары бейсенбі күні кешке БҰҰ Бас ассамблеясында 80 оң, 29 теріс және 65 қалыс дауыспен бекітілді. Шын мәнінде 94 ел бұл қарарға қарсы болды.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Канани Чафи жұма күні Батыс елдерінің Ираннан үркіту және оған қарсы психологиялық соғыс жүргізу жобасын жалғастыруға талпынып жатқанын айтып: "Әлемде адам құқығының негізгі принциптерінің барлығын бұзып отырған елдер Иран халқының құқықтарына өтірік жанашырлық танытқанның орнына АҚШ үкіметінің Иранға қарсы экономикалық терроризміне жақтасудан бас тартып, лаңкестік топтарға пана беруді доғарғаны дұрыс",-деді.