АҚШ Ресейдің кейбір азаматтары мен мекемелеріне қарсы жаңа санкция салды
(last modified Fri, 16 Dec 2022 13:45:52 GMT )
Жел 16, 2022 19:45 Asia/Almaty
  • АҚШ Ресейдің кейбір азаматтары мен мекемелеріне қарсы жаңа санкция салды

АҚШ-тың Қаржы министрлігі: "Ресейдің 18 мекемесі мен 40-тан аса азаматына санкция салынды",-деп мәлімдеді.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, АҚШ-тың Қаржы министрлігі бейсенбі күні өз мәлімдемесінде: "Бұл санкциялар –  Ресейдің қаржы секторын нысанаға алу мақсатында дайындалған жаңа пакеттің бір бөлігі",-деп хабарлады.

Санкциялар тізіміне Ресей Премьер-министрінің орынбасары, Херсон автономды облысының басшысы, ВТБ мен Росбанк басшылары ілікті.

Еурокомиссияның төрайымы Урсула фон дер Ляйен өткен аптада: "Брюссель Ресейдің 3 банкі мен 200 жеке және құқықтық тұлғасына Мәскеуге қарсы тоғызыншы санкциялар пакетінің бір бөлігі ретінде санкция салатын болады",-деп мәлімдеді.   

Тегтер