Британдық ханзада кісі өлтіргенін мойындады
https://parstoday.ir/kz/news/world-i66760-Британдық_ханзада_кісі_өлтіргенін_мойындады
Британ королі Чарльздің кіші ұлы ханзада Гарри жазбалары жарияланған жаңа кітабында Ауғанстанда 25 адамның өлтірілгенін мойындады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаң 07, 2023 11:22 Asia/Almaty
  • Британдық ханзада кісі өлтіргенін мойындады

Британ королі Чарльздің кіші ұлы ханзада Гарри жазбалары жарияланған жаңа кітабында Ауғанстанда 25 адамның өлтірілгенін мойындады.

«Россия сегодня» сайтының хабарлауынша, Ұлыбритания королі Чарльздің кіші ұлы ханзада Гарри бұл туралы былай деп жазды: «Ауған соғысына екінші рет аттанғанымда осы елге алты рет жіберіліп, барлығы 25 адамның өмірін қидым, бірақ мен бұған ұялмаймын, мақтанбаймын». Ол өзінің «SPARE» атты кітабында: «Соғыстың қызып тұрған шағында бұл 25 адам (Ауғанстан халқы) деп ойламаппын, олар шахмат фигуралары сияқты экраннан итеріп жіберілді»,- деп жазды.