2022 жылы қаңтарда Қазақстанда болған бүлікке Тәжікстан азаматтарының қатысқаны теріске шығарылды
(last modified Mon, 09 Jan 2023 15:45:40 GMT )
Қаң 09, 2023 21:45 Asia/Almaty
  • 2022 жылы қаңтарда Қазақстанда болған бүлікке Тәжікстан азаматтарының қатысқаны теріске шығарылды

Тәжікстан Сыртқы істер министрлігі осы ел азаматтарының 2022 жылы қаңтарда Қазақстанда болған бүлікке қатысқаны туралы уәждерді теріске шығарды.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Тәжікстан Сыртқы істер министрлігі жексенбі күні мәлімдеме таратып, Қазақстанның бас прокуроры Берік Асыловтың 2022 жылы қаңтарда болған бүлікке Тәжікстан азаматтарының қатысқаны туралы уәжіне реакциясында: "Дипломатиялық өкілдер Қазақстанның тиісті органдарына барды. Нәтижесінде мұндай уәждің дұрыстығы расталмады",-деді.

Қазақстанның Бас прокуратурасының соңғы деректері бойынша, былтыр қаңтар айында болған тынышсыздықтарда 238 адам, соның ішінде 19 қауіпсіздік қызметкері қаза тапты.

Қазақстанның Бас прокуратурасы Қаңтар оқиғасына қатысқаны үшін 717 адамды түрмеге тоғытты.