Қаң 10, 2023 17:24 Asia/Almaty
  • Қарабақ аймағына отын мен азық-түлік жөнелтіледі

Таулы Қарабақ аймағында азық-түлік тапшылығы дағдарысы күшейгеннен кейін Ресей бітімгерлері бұл аймаққа жанар-жағармай мен азық-түлік тасымалдайтын бірнеше көлік жөнелтілетінін хабарлады.

Әзірбайжан күштерінің Таулы Қарабақ аймағындағы Лачин асуын бөгеуінің жалғасуы осы армян аймағының көптеген тұрғындарын жанар-жағармай және азық-түлік тапшылығы дағдарысына ұшыратты. Бакудің Лачин өткелін жауып тастау әрекеті халықаралық қарсылыққа тап болды. Ресей бітімгершілік күштеріне тиесілі 20-дан астам көліктен тұратын кереуен, азық-түлік, жанар-жағармай және басқа да гуманитарлық көмектен тұратын кортеж Қарабақ аймағына, әсіресе Ханкандиге (Степанакерт) жөнелтілді. Қарабағтағы азық-түлік тапшылығы дағдарысының күшеюімен Таулы Қарабахтың баспасөз хатшысы Нарин Агабалян осы аптаның соңынан бастап квота купондарын таратумен жаңа азық-түлік тарату жүйесінің іске асырылатынын хабарлады.

Тегтер