Америкалық басылым: Уахабизм – әлемде лаңкестіктің таралуының басты факторы
Бір америкалық басылым уахабизмді әлемде лаңкестіктің таралуының басты факторы деп атады.
Small Wars Journal басылымы Вашингтонның лаңкестікпен күрес туралы уәждеріне күмән келтіріп: "Егер АҚШ шынымен осы мақсатты көздесе, бүкіл әлемде уахабизммен күресуі керек. Мұны Сауд Арабиясының қаражатын тоқтату арқылы жүзеге асыруға болады",-деді.
Америкалық басылым Сауд Арабиясы мен АҚШ-тың қарым-қатынас түрін сынап: "Вашингтонның аймақтағы саясаты уахабизмнен бастау алған қатыгез идеологияларды қолдайды",-деп жазды.
Америкалық басылымның мақаласында Мұхаммед бен Абдул-Уахабтың уахабизмді аймақта таратқаны және Сауд әулеті басшыларымен уахабилік коалиция құрғаны талқыланған. Бұл коалиция экстремизмнің пайда болуына әкеп соқтырды. Ол бүкіл аймаққа әсер етті, тіпті АҚШ-тың мүддесіне ықпал етті.